Accessibility links

Комитет тәуелсіз БАҚ-ты бірлесіп қорғауға шақырады


Бүгін қамаудағы "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді қорғау комитетін құрған Людмила Экзархова қазақстандықтарды тәуелсіз ақпарат құралдарын қорғауға шақырды.

Бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізген Людмила Экзархова, заңгер Сергей Уткин мен "Голос республики" газетінің журналисі Жанара Қасымбекова Игорь Винявскийге қозғалған қылмыстық істен соң ҰҚК ендігі кезекте "Голос республики" газетіне іс қозғайтын сияқты деген пікір айтады. Мұндай қорытынды жасауға ҰҚК қызметкерлерінің Жанара Қасымбекова мен Сергей Уткинді тергеуге шақырулары мен онда қойылған сұрақтар себеп болған.

"Пікірін еркін білдірген БАҚ өкілдері биліктің қудалауына ұшырап жатыр" деген Людмила Экзархова азаматтарды тәуелсіз ақпарат құралдарын қудалауға қарсы тұру үшін бұған дейін құрылған Винявскийді қорғау комитетіне қосылуға шақырады.
XS
SM
MD
LG