Accessibility links

Агенттік: 2011 жылы Қазақстаннан кетушілер көбейді


Статистикалық көрсеткіш. Көрнекі сурет.

Статистикалық көрсеткіш. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2011 жылы Қазақстанға 38167 адам келіп, 32759 адам шетелдерге кетті деп хабарлады статистика агенттігіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Статистика агенттігі таратқан хабарламаға қарағанда, 2011 жылы Қазақстаннан кеткендердің саны 2010 жылмен салыстырғанда көбейген.

"2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы Қазақстанға келушілер 8.9 пайызға азайып, елден кетушілер 22 пайызға көбейді. Миграциялық алмасудың басым бөлігі ТМД елдерімен жүрді" делінген агенттік таратқан хабарламада.
XS
SM
MD
LG