Accessibility links

Тегеран реакторына центрифуга орнатылады


Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Әли Бакери.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Әли Бакери.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Әли Бакери бүгін Тегеранның реакторларды зерттеу институтында реакторларға тұңғыш рет елде байытылған ураннан жасалған ядролық центрифуга орнатылатынын хабарлады.

Әли Бакеридің айтуынша, центрифуганы орнату салтанатына президент Махмуд Ахмединежад қатыспақ.

МАГАТЭ Тегерандағы реакторлар Иранның ядролық қару жасау бағдарламасында пайдаланылып отырған бірден-бір реактор екеніне сенімді.

Ал Иран байытылған ураннан алынған центрифуга рак ауруын емдейтін изотоп жасауға көмектеседі дейді.

Өткен аптада президент Махмуд Ахмединежад "алда Иранның ядролық саладағы жетістіктерін жариялаймын" деген еді.
XS
SM
MD
LG