Accessibility links

Сирияда жаңа конституцияға референдум өтпек


Хомстағы мұнай өңдеу зауытынан көтерілген түтін. Сирия, 15 ақпан 2012 жыл.

Хомстағы мұнай өңдеу зауытынан көтерілген түтін. Сирия, 15 ақпан 2012 жыл.

Сирия президенті Башар әл-Асад 26 ақпанда елдің жаңа конституциясын қабылдауға референдум өткізуді белгіледі деп хабарлады бүгін елдің мемлекеттік телеарнасы.

Парламенттің құқықтарын кеңейтіп, сайлаулар өткізуді оңайлататын жаңа конституция қабылдау Башар әл-Асадтың оппозиция мен халықаралық қауымдастық алдында берген уәделерінің бірі болатын.

Бірақ қазір оппозиция әл-Асадтың биліктен кеткенінен басқа ештеңе қаламайтынын мәлімдеді.

Ал әл-Асад режиміне қарсылық көрсетіп жатқан негізгі аймақ - Хомс пен Хама қалаларында үкімет әскерінің шабуылдап жатқанына он күннен асты. Хама қаласына үкімет әскері бронды техника және зениттік қондырғыдан шабуыл жасап жатқаны туралы хабар тарады. Хомс қаласында газ құбыры жарылғаны туралы ақпарат тарады.

Дамаскінің айналасындағы аудандардың бірінде де ұрыс жүріп жатқаны айтылады.
XS
SM
MD
LG