Accessibility links

НАТО: Ауған балаларының қазасына кінәліміз


Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Джон Аллен.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Джон Аллен.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшылығы 8 ақпанда Каписа провинциясына жасалған әуе соққысы кезінде 8 баланың қаза тапқанын мойындады.

Бас қолбасшылық өкілінің хабарлауынша, ауған және француз әскерлері аймақта рейд жүргізген кезінде жас балаларды қарулы жасақ екен деп қалып, әуеден соққы берген. Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Джон Аллен қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

Жергілікті билік қаза тапқан балалардың 6-14 жас аралығында екенін айтады.

Президент Хамид Карзай оқиғаны қатаң айыптады.
XS
SM
MD
LG