Accessibility links

Шешенстанда исламшыл топпен ұрыс болды


Шешенстанның картасы.
Шешенстанның картасы.
Ресей ақпарат құралдары кеше Шешенстанда исламшыл топпен ұрыс болып, ішкі істер министрлігінің төрт сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Ұрыс Шешенстанның Дағыстанмен шекарасына жақын Ножай-Юрт ауданында болған. Исламшыл жасақтан қандай шығын болғаны белгісіз.

Шешенстан мен Солтүстік Кавказдың басқа да республикалары исламшыл жасақтар мен қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығынан зардап шегіп отыр.
XS
SM
MD
LG