Accessibility links

Гондураста түрмедегі өрттен 356 адам қаза тапты


Сот-медициналық сараптама қызметкерлері түрмедегі өрттен қаза тапқан тұтқынның денесін әкетіп барады. Комаягуа түрмесі, Гондурас, 15 ақпан 2012 жыл.

Сот-медициналық сараптама қызметкерлері түрмедегі өрттен қаза тапқан тұтқынның денесін әкетіп барады. Комаягуа түрмесі, Гондурас, 15 ақпан 2012 жыл.

Гондураста кеше түрмеде болған өрттен қаза тапқан және жоғалған тұтқындардың саны 356 адамға жетті.

Өрт ел астанасы Тегусигальпадан 75 шақырым солтүстікте орналасқан Комаягуа түрмесінде сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні басталған.

Ресми орындар 475 тұтқынның қашып кеткенін, одан өзге 20 тұтқынның жараланғанын хабарлады.

Жорамал бойынша, өрт электр желісінің тұйықталуынан шыққан. Тұтқындардың өздері де өрт қоюы мүмкін деген де болжам бар.

Орталық Америкада орналасқан бұл мемлекет қылмыс деңгейі мен тұтқындардың саны тым жоғары елдердің қатарында. Елдегі ескі әрі тұтқындар сыймай жататын түрмелер соңғы кездері жиі ,орын алатын тәртіпсіздіктер мен өрттен зардап шегіп отыр.
XS
SM
MD
LG