Accessibility links

Мәскеу мэриясы оппозицияның акция өткізуіне келіспеді


"Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов.

"Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов.

Мәскеу мэриясы оппозицияның 26 ақпанда Революция алаңында "Проводы путинской политической зимы" деп аталатын акциясын өткізуіне келісім бермеді. Бұл жайында акцияны ұйымдастырушылардың бірі, "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов хабарлады.

Қала басшылығы ол күні Революция алаңында масленица (қысты шығарып салу) мейрамы тойланатынын алға тартып, акцияны Болотная алаңына немесе Тарас Шевченко жағалауында өткізуді ұсынған.

Акцияны ұйымдастырушылар бұған басқадай кері ұсыныс айтпақ ниетте. Удальцовтың айтуынша, егер қала басшылығымен акцияны өткізуде келісімге келе алмаса, онда ол флеш-моб немесе мемлекеттік дума депутаттарымен кездесу түрінде өтуі мүмкін. Ал бұған биліктен рұқсат алудың керегі жоқ.

Ресейде оппозиция желтоқсанның басынан бері елде әділ сайлау өткізуді талап етіп шеру, акция өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG