Accessibility links

AI: Қарулы топтар Ливия қауіпсіздігіне қатер төндіреді


Amnesty International ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Amnesty International ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Ливияда Муаммар Каддафиді биліктен кетіруге қатысқан бұрынғы көтерілісшілерден тұратын қарулы топтар елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр деп мәлімдеді Amnesty International халықаралық ұйымы.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы бұл туралы Ливияда қаңтар және ақпан айларында жүргізген зерттеулеріне сүйеніп дайындаған баяндамасында айтады.

Өткен жылдың қыркүйегінен бері қарулы топтар тұтқынға алған 12 адам азапталып, артынан өлтірілген.

БҰҰ мәліметі бойынша, бұл топтар қазір Муаммар Каддафидің бұрынғы сегіз мыңға жуық жақтасын түрмеде ұстап отыр. Құрбан болғандардың арасында мигранттар да бар. Олар кезінде Каддафи жағында жалдамалы негізде ұрысқа қатысты деп айыпталып отыр.

Amnesty International қызметкері Донателла Ровера жаңа билік бұл қарулы топтар мүшелерін жауапқа тарта алмай отыр дейді.
XS
SM
MD
LG