Accessibility links

Талибанмен үшжақты келіссөз басталды


Ауғанстанның картасы.

Ауғанстанның картасы.

АҚШ-тың Wall Street Journal ("Уолл Стрит Жорнал") басылымының хабарлауынша, Ауғанстан үкіметі, АҚШ және Талибанның арасында құпия келіссөздер жүріп жатыр.

Ауғанстан президенті Хамид Карзайға сілтеме жасаған басылымның жазуынша, Талибан Ауғанстандағы он жылдық соғыстың аяқталуына шынымен ықылас танытып, тараптар келіссөз бастаған.

Бірақ Хамид Карзай келіссөздер барысына зияны келуі мүмкін деп, келіссөздің қай жерде өтіп жатқаны жайлы және басқа мәліметтер бермеген.

Бұған дейін Талибан ауған үкіметін "Вашингтонның бақылауында" деп санап, онымен келісімге келуден бас тартып келген.

Сарапшылар Вашингтонның мамырда Чикагода өтетін НАТО саммитінде бейбіт келіссөздердің басталғаны турасында хабарлау үшін келіссөздердің сәтті болуына мүдделі екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG