Accessibility links

Ардагерлер Януковичке қарсылық білдірді


Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 23 толуы салтанатында Януковичке наразылық білдірген ауған соғысы ардагерлері. Киев, 15 ақпан 2012 жыл.
Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 23 толуы салтанатында Януковичке наразылық білдірген ауған соғысы ардагерлері. Киев, 15 ақпан 2012 жыл.
Украинада әлеуметтік жәрдемақылардың қысқаруына наразы ауған соғысының ардагерлері кеше президент Виктор Януковичке өздерінің наразылықтарын білдірді.

Киевте совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 23 жыл толуына орай өткен салтанатта соғыста қаза тапқандарға гүл шоқтарын қоюға келген Януковичке сапта тұрған 200-ге жуық ардагер оған наразылық білдіріп, "кері бұрыл" деген бұйрықпен бір мезетте теріс қарап тұра қалған.

Янукович пен үкімет мүшелері кеткне кезде ардагерлер қайтадан алға қараған.

Украинада ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар 2011 жылдың қыркүйегінен бері үкіметтің зейнетақы мен жәрдемақыны қысқарту жоспарына қарсылық танытып келеді.
XS
SM
MD
LG