Accessibility links

Иран, Пәкістан, Ауғанстан басшылары саммит өткізеді


Ауғанстан, Пәкістан және Иран президенттері бүгін Исламабадқа екі күндік саммитке жиналды.

Хамид Карзай, Асиф Әли Зардари және Махмұд Ахмединежад кездесуде терроризмге, есірткі және адам саудасына қарсы күрес мәселелерін талқыламақ.

Бірақ сарапшылар саммитке Иран мен Израиль және Батыс елдері арасындағы шиеленіс көлеңкесін түсіруі мүмкін дейді. Израиль осы аптада Иранды Үндістан, Грузия және Таиландтағы дипломаттарына қастандық ұйымдастырды деп айыптаған болатын.

Кеше Махмұд Ахмединежад Тегерандағы реакторға жаңа центрифуга орнатылатынын жариялап, "Батыс Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтата алмады" деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG