Accessibility links

Косово сербтері Приштина билігін мойындамады


Косоволық серб әйел Косовоның Митровица қаласындағы учаскеде дауыс беріп тұр. Косово, 15 ақпан 2012 жыл.

Косоволық серб әйел Косовоның Митровица қаласындағы учаскеде дауыс беріп тұр. Косово, 15 ақпан 2012 жыл.

Косовоның солтүстігіндегі сербтердің басым бөлігі референдумда өзін өзі жариялап алған Косово республикасын танудан бас тартты.

Ақпанның 14-15 күндері өткізілген референдумға қатысқандардың 99.74 пайызы "Приштина билігін мойындайсыз ба?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап берген.

Референдумға дауыс беруге тіркелген 35 мың адамның 75 пайызы қатысты. Референдумның заңдық күші жоқ.

Сербиядан төрт жыл бұрын тәуелсіздігін жариялаған Косово билігі және ресми Белград референдумның өткізілуін сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG