Accessibility links

Тараздық Қариев "сыбайластарының" соты басталды


Жерде жатқан терактіде қаза тапқан адамның денесі. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.
Жерде жатқан терактіде қаза тапқан адамның денесі. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.
Таразда "2011 жылдың 12 қарашасында болған терактіге қатысы бар" делінген бес адамның үстінен сот басталды деп хабарлады Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" агенттігі.

Облыстық соттың хабарлауынша, сот кеше, ақпанның 15-інде Тараздағы СИ-13 мекемесінде басталған және жабық түрде өтіп жатыр. Айыпталушыларға қылмыстық кодекстің "кісі өлтіру", "заңсыз қару сақтау" және басқа да баптары бойынша айып тағылып отыр.

2011 жылы қарашаның 12-сінде тараздық Мақсат Қариев есімді азамат бес полицей мен екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберген еді.

Кейін Қариевті ұстау кезінде қаза тапқан жол полициясы қызметкері Ғазиз Байтасов «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.
XS
SM
MD
LG