Accessibility links

Шүкеев "Самұрық-Қазынаға" сын айтты


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шүкеев.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шүкеев.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шүкеев "Қор жұмысы стратегиялық жоспардың жоқтығынан, бюрократия мен штаттық қызметкерлердің көптігінен баяулап отыр" деді бүгін ресейлік "Коммерсантъ" басылымына берген сұхбатында.

Өмірзақ Шүкеевтің бұл сөзі қордың бұған дейінгі басшысы - Тимур Құлыбаевтың атына айтылған сын ретінде қабылданып отыр.

Өмірзақ Шүкеев бұған қоса қорға қарасты қызметкерлерді кәсіптік біліктілігі бойынша қайта іріктеуден өткізілетінін де хабардар етті.

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құлыбаевты Жаңаөзен оқиғасынан кейін қор басшылығынан босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG