Accessibility links

Сот Садықовтың өтінішін тағы да қанағаттандырмады


Оппозиция белсендісі Айдос Садықов.
Оппозиция белсендісі Айдос Садықов.
Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың мерзімінен бұрын босату туралы арызы қаралды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Шағымды қараған судья Дәуренбек Дәуімов Садықовты "мерзімінен бұрын босататындай ол түрмеде өзін жақсы қырынан көрсете алған жоқ" деген себеппен шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Азаттық тілшісі судьяның Садықовқа мерзімінен бұрын босату туралы емес, рақымшылық жасау туралы арыз жазуға кеңес бергенін хабарлайды. Облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова Азаттық тілшісіне Айдос Садықовтың ісі рақымшылық туралы заңға жататынын айтқан.

Айдос Садықов 2010 жылдың шілде айында «билік өкіліне қарсыласып, бұзақылық жасағаны» үшін айыпталып, екі жылға сотталған. Бұған дейін биылғы 2011 жылдың ақпан және тамыз айларында өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрап жазған Садықовтың өтініштерін қараған комиссия оларды қанағаттандырмай тастаған еді.

Садықов Ақтөбедегі УК 168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG