Accessibility links

Түркіменстанда ұлықтау рәсімі өтті


Түркіменстанның қайта сайланған президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстанның қайта сайланған президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстанда бүгін сайлауда жеңіске жеткен президент Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің инаугурациясы болды. Инаугурация Ашғабадта таяуда салынған Конгресс сарайында өтті.

Инаугурацияға үкімет мүшелері мен парламент депутаттары, елдегі дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты. Алыс-жақын шетелдерден қонақтар шақырылғанымен, ешкім келмеген.

Ақпанның 12-сінде өткен сайлауда орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Бердімұхамедов 97.14 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Бұрынғы тіс дәрігері және кейін денсаулық сақтау министрі болған Бердімұхамедов президенттікке алғаш 2007 жылы сайланды.
XS
SM
MD
LG