Accessibility links

"Алғаның" тағы бір белсендісі пикет өткізді


Алматыдағы ҰҚК департаменті алдында пикет өткзіп тұрған Тұрсынғали Ыдырысов. Алматы, 17 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы ҰҚК департаменті алдында пикет өткзіп тұрған Тұрсынғали Ыдырысов. Алматы, 17 ақпан 2012 жыл.

Бүгін түсте ҰҚК Алматы департаменті алдында тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Тұрсынғали Ыдырысов жалғыз өзі пикет өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне партия белсендісі Ерлан Қалиев хабарлады.

Пикетте белсенді Тұрсынғали Ыдырысов "Козловқа жолықтыруды талап етеміз!" деген жазуы бар плакат ұстаған.

Кеше мұндай пикетті Ерлан Қалиев өткізген. Ол Козловқа сәлемдеме жөнелтуге рұқсат бермесе, осындай акциялар өткізіле беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG