Accessibility links

Радиациялық көмірге қатысты екінші іс қозғалды


Көмір кеніші. Көрнекі сурет.
Көмір кеніші. Көрнекі сурет.
Жамбыл облысының кедендік бақылау департаменті Қырғызстанға радиоактивті көмір жеткізу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады бүгін қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті.

Комитет таратқан хабарламада "6 ақпанда департамент қылмыстық кодекстің 250 бабы негізінде "кедендік одақ шекарасы арқылы радиациялық сәулесі жоғары көмірді заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады" делінген.

Қазір департамент қозғаған істің аясында Ядролық физика институтының ұлттық ядролық орталығы радиологиялық сараптама жүргізіп жатыр.

Бұл радиациялық көмір сатуға қатысты қозғалып отырған екінші қылмыстық іс. Бұған дейін Жамбыл облысының прокуратурасы радиациялық көмір өндіру бойынша іс қозғаған болатын.

Қазір Қырғызстан Қазақстанға улы көмірді кері қайтарып жатыр.
XS
SM
MD
LG