Accessibility links

Назарбаевтан журналистерді қудалауды тоқтатуды талап етті



Журналистерді қорғау комитеті (Нью-Йорк, АҚШ) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, ҰҚК қызметкерлерінің тәуелсіз журналистерді қудалауын тоқтатуын талап етті.

Ұйым тәуелсіз журналистерді тұтқындау мен тексеру шарасы олардың Жаңаөзен оқиғасын сынап жазуынан кейін басталғанын айтады.

«Назарбаев мырза, тәуелсіз және оппозициялық ақпарат құралдарына ҰҚК тарапынан көрсетіліп жатқан қысымды тоқтатуға кепіл болу үшін беделіңізді пайдаланыңыз. Игорь Винявскийді тезірек босатып, «Взгляд», «Голос Республики» газеттерінің құралдарын қайтаруға шақырамыз» деп жазады Журналистерді қорғау комитеті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG