Accessibility links

Түркіменстан президенті құттықтаулар қабылдауда


Түркіменстан президентіГурбангұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президентіГурбангұлы Бердімұхамедов.
Мемлекеттік ақпарат агенттіктері Түркіменстанның екінші мерзімге қайта сайланған президенті Гурбангұлы Бердімұхамедовті «бірқатар елдердің жетекшілері құттықтап жатыр» деп хабарлады.

Агенттіктердің ақпараттарына сәйкес, Бердімұхамедовке құттықтау жолдағандардың қатарында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Украина президенті Виктор Янукович, Өзбекстан басшысы Ислам Каримов, Түркия президенті Абдулла Гүл және Әзербайжан президенті Илхам Әлиев болған.

Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 12-сінде өткен сайлауда Бердімұхамедов 97.14 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін хабарлаған-ды. Ал жұма күні өткен түркімен президентінің ұлықтау рәсіміне әлемдік белгілі тұлғалардан қатысқан ешкім болмады.
XS
SM
MD
LG