Accessibility links

Мәскеуде ондаған ұлтшыл қамауға алынды


Мәскеу полициясы ұлтшылдардың славян емес ұлт өкілдерімен төбелесінің алдын алғанын хабарлады.

«Интерфакс» агенттігі Ресей ІІМ-нің Мәскеу қалалық басқармасына сілтеме жасай отырып, 50-ден астам адамның ұсталғанын хабарласа, «Газета.ру» интернет басылымы көргендердің айттуынша, қаланың орталығынан Манежный алаңына қарай бара жатқан жолда орталықазиялық жұмысшыларды ұрып-соғып, сабаған 100-дей ұлтшылдың ұсталғанын жазған.

Мұның алдында өткен жылы 19 жасар студент Иван Агафоновты өлтірді деген айыппен қамауда отырған спортшы Расул Мирзоевті жауапқа тартуды талап етіп, Чистый прудта рұқсат етілген митинг өткізген ұлтшылдардың Манежный алаңына бет алғаны хабарланған еді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG