Accessibility links

Дипломатиялық күш-жігер Сирия шиеленісін тоқтата алмай тұр


Сирия мемлекеттік SANA агенттігі Идлиб провинциясында жергілікті бас прокурор Нидал Газал мен судья Мохаммед Зиадехтің қақтығыс құрбаны болғанын хабарлаған.

Ал бұл аралықта белсенділердің хабарларына қарағанда, бүгін әскерилер Хомс қаласының маңына күштерін шоғырландырып, Хомстың жүздеген оппозиция өкілдері жасырынған Баба-Әмір ауданында атыстар қайта басталған.

Сенбі күні Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чжай Цзюн бір жылға жуық уақыттан бері оппозиция отставкаға кетуін талап етіп жатқан Сирия президенті Башар әл-Асадпен Дамаскіде келіссөздер өткізгеннен кейін, тараптардың екеуін де қантөгісті тоқтатуға шақырған мәлімдеме жасады.

Кейінірек Қытай сыртқы істер министрлігінің сайтында Бейжің Араб лигасы елдерінің Сирия бойынша бейбіт бастамасына қолдау танытады деген мәлімдеме пайда болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG