Accessibility links

Латвияда референдум орыс тілінің мәртебесін шешпеді


Латвиялықтар референдумда дауыс беріп жатыр.
18 ақпан, 2012 жыл.

Латвиялықтар референдумда дауыс беріп жатыр. 18 ақпан, 2012 жыл.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Латвияда өткізілген референдумға қатысқандардың 80 пайызға жуығы орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілуіне қарсы дауыс берген. Бүгін Латвия Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын-ала деректер осындай.

Латвияда 2 миллионнан астам халық тұрады. Тұрғындардың көпшілігі орыстар мен бұрынғы Совет елдерінен шыққан түрлі ұлт өкілдері.

Ел конститутциясына орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру туралы түзетуді енгізу үшін дауыс беру құқы бар азаматтардың жартысынан астамының бұл өзгерісті мақұлдауы қажет еді.
XS
SM
MD
LG