Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда бір ауылды су басты


Сенбіден жексенбіге қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылын су басып, 50-ден астам үйдің адамдары дереу эвакуацияланған.

Ауа райының күрт жылынып, қалың түскен қардың еруі мен оған жаңбырдың араласуы Монтайтас арқылы өтетін канал суын кемерінен асырып жіберді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар агенттігі.

Барлығы Монтайтас ауылында 614 тұрғын үй бар. Зардап шеккендер мен бұзылған тұрғын үйлер жөнінде ақпараттар түспеген.

Осы облыстың Отырар ауданындағы Қожатоғай ауылына да су астында қалу қаупі төнген. 300-ге жуық түтіннің 2200-дей тұрғыны ауылдағы мешіт пен орта мектеп ғимаратына көшірілген.

Елді мекеннің екеуінде де төтенше жағдайдың зардаптарын болдырмау шаралары жасалып жатқандығы хабарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG