Accessibility links

Ресейде «Ақ көшелер» акциясы өтіп жатыр


Мәскеудегі "Ақ көшелер" деп аталатын жеңіл көліктер шеруі. 19 ақпан, 2012 жыл.

Мәскеудегі "Ақ көшелер" деп аталатын жеңіл көліктер шеруі. 19 ақпан, 2012 жыл.

Бүгін Ресейдің көптеген қалаларында «Әділ сайлау үшін!» деп аталатын наразылық науқаны аясында жеңіл көліктер шеруі өтіп жатыр.

Мәскеудегі осындау акцияға қатысуға ниет еткендер саны 4 мыңнан асқан. Ақ жолақпен көмкерілген, түрлі ұрандар жазып жапсырып алған жеңіл көліктер Садовое кольцо арқылы шеру тартып, Кремльді айнала жағалауда жүріп өтеді.

Азаттық радиосының орыс редакциясы тілшілерінің хабарлауынша, Томскіде жеңіл көліктер шеруіне 80 машина, Красноярскіде 50 көлік қатысқан.
XS
SM
MD
LG