Accessibility links

Германия партиялары жаңа президентті қолдады


Германия партиялары президент болуға қолдау білдірген Йоахим Гаук.
Германия партиялары президент болуға қолдау білдірген Йоахим Гаук.
Германия канцлері Ангела Меркель кеше өз коалициясы мен оппозиция бұрынғы шығыс германиялық құқық қорғаушы, 72 жастағы Йоахим Гаукті Кристиан Вульфтен кейінгі президент етіп тағайындауға келіскенін хабарлады.

Ақпанның 17-сі күні президент Кристиан Вульф 2010 жылға дейін Төменгі Саксонияны басқарып тұрғанында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылғаннан соң отставкаға кеткен.

Йоахим Гаук - Берлин қабырғасы құлағаннан кейін құпия Штази полициясының мұрағатына басшылық жасаған протестанттық пастор.

Гауктың кандидатын басқарушы коалиция - "Еркін демократтар" партиясы мен оппозициялық Социал-демократтар және Жасылдар партиясы қолдап шықты.
XS
SM
MD
LG