Accessibility links

Иран: Ұлыбритания мен Францияға мұнай сату тоқтады


Иран мұнай министрлігі Тегеранның Ұлыбритания және Франция компанияларына мұнай сатуды тоқтатқанын хабарлады.

Министрлік өкілі Әли Реза Никзад Рахбар бұл туралы мәлімдей келіп, Иранның мұнайды енді басқа тұтынушыларға сататынын да айтып өтті.

Еуроодақ 1 шілдеден бастап Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға ықпал ету үшін Ираннан мұнай импорттауға эмбарго қойған. Иран содан бері Еуропаға шикі мұнай экспорттауды осы бастан тоқтататынын айтып келеді.

Иран мұнай экспортының 20 пайызы Еуроодақ елдеріне шығарылады. Бірақ сарапшылар Тегеранның бұл шешімі Ұлыбритания мен Францияға соншалықты әсер ете қоймайды дегенді айтады. Себебі Францияның өткен жылғы мұнай импортындағы Иранның үлесі тек үш пайызды құраған. Ал Ұлыбритания енді Иранан мүлде мұнай импорттамайды деген болжам бар.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG