Accessibility links

Путин Ресейдің қаруланатынын айтты


Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин Мәскеудің әскери реформалары мен алдағы он жылда қорғаныс саласына жұмсалатын қаржысы жайлы мәлім етті.

"Российская газета" басылымының бүгінгі санына берген сұхбатында Путин "Егер біз Ресейді қорғай алмасақ, онда халықаралық аренадағы жағдайымызды нығайтып, экономикамыз бен демократиялық институттарымызды дамыта алмаймыз" деген.

Бұдан соң ол алдағы он жылда Ресейдің қорғаныс саласына 770 миллиард АҚШ доллары жұмсалатынын айтты. Оның бір бөлігі 400 құрлықаралық баллистикалық зымыран, 100 әскери спутник, жаңа әскери ұшақтар мен кемелер жасауға жұмсалмақ.

Владимир Путин АҚШ пен оның одақтастарының Ресей қарсылығына қарамастан Еуропада зымыранға қарсы қорғаныс желісін орнатуына қатысты пікірін білдіріп, "Ресей ол жүйеге тиімді жауап қатады" дейді.

Владимир Путин 4 наурызда президент сайлауына түседі.
XS
SM
MD
LG