Accessibility links

Оңтүстік Корея теңізде әскери жаттығу бастады


Оңтүстік Кореяның әскери кемесі Сары теңіз аймағында бақылау жасап жүр. Көрнекі сурет.

Оңтүстік Кореяның әскери кемесі Сары теңіз аймағында бақылау жасап жүр. Көрнекі сурет.

Оңтүстік Корея бүгін Солтүстік Кореямен даулы шекараға жақын орналасқан бес аралда Пхеньянның ескерту жасағанына қарамастан әскери жаттығуларды бастады.

Оңтүстік Корея жаттығу басталған екі сағаттан бері Сары теңіз жақтағы Солтүстік Корея жағынан ешқандай реакция болмағанын, жаттығу көрші елден алыста өтіп жатқанын айтады.

Бірақ Солтүстік Корея "жаттығулар бұдан ары жалғаса берсе, онда зардабы 2010 жылғыдан бетер болатын әрекет жасаймыз" деп ескертті. 2010 жылы Сары теңіздің Енпхендо аралында оңтүстік кореялық төрт сарбаз Солтүстік Кореяның артиллериялық соққысынан қаза тапқан еді.

Оңтүстік Корея мен АҚШ ақпанның 20-сы мен 25-і аралығында Сары теңізде сүңгуір кемелердің жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG