Accessibility links

Ақтөбеде Прохоровтың билбордын ілген күдікті ұсталды


Ақтөбе қаласында Ресей президенттігіне үміткер Михаил Прохоровтың суреті бар үгіт-насихат билбордын ілген күдікті ұсталды деп хабарлады Ақтөбе облысының ішкі істер басқармасына (ІІБ) сілтеме жасаған "ҚазТАГ" агенттігі.

ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев ұсталған адамның 35 жастағы Ақтөбе тұрғыны екенін, билдордты не үшін ілгені анықталып жатқанын айтқан. Жауапқа тарту мәселесі де қарастырылып жатыр.

Өткен аптада қаланың темір жол бекеті орналасқан ауданында Прохоровтың үгіт-насихат материалдарын белгісіз біреулер іліп кеткен еді.
XS
SM
MD
LG