Accessibility links

Ресейде оппозиция мен билікшіл ұйымдар қатар шеру өткізбек


Мәскеуде наурыздың 5-інде оппозициямен қатар, бір мезгілде билікшіл ұйымдар да шеру өткізуге тырысып жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосының Орыс қызметі.

Оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцовтың айтуынша, Кремльге жақтас "Россия молодая" ұйымының жетекшісі, бұрынғы депутат Максим Мищенко мэрияға жасырын жолмен оппозициядан бұрын кезексіз кіріп, наурыздың 5-інде Лубянск алаңында шеру өткізуге бірінші болып өтініш берген.

Бірақ оппозиция да дәл осы күні, Лубянск алаңында шеру өткізетінін мәлім етті.

Мұның алдында мэрия алдында оппозициялық "Сайлаушылар лигасы" мен билікшіл ұйым белсенділерінің арасында төбелес болып, полиция екі адамды ұстап әкеткен.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG