Accessibility links

Өзбекстан мен Тәжікстан шекара дауын талқыламақ


Өзбек-қырғыз шекарасы. Көрнекі сурет.

Өзбек-қырғыз шекарасы. Көрнекі сурет.

Өзбекстан делегациясы кеше өзбек-тәжік шекарасын бекіту мәселесін талқылау үшін Душанбеге келді. Үш жылғы үзілістен соң қайта жалғасатын талқылау сәрсенбіге дейін созылайын деп отыр.

Өзбек-тәжік шекарасы 2009 жылы ақпанда өткен келіссөздерден соң тұйыққа тірелген. Өзбекстан жағы сол кезде арадағы даулы жердің біразын Тәжікстанға беріп, өзі шекарадағы Фарход су қоймасын бақылауға алу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ Душанбе мұны қабылдамай қойды.

Өзбек-тәжік шекарасының ұзындығы 1000 шақырымды құрайды. Оның 20 пайызы даулы.

Өзбек делегациясын премьер-министрдің орынбасары Рустам Азимов басқармақ.
XS
SM
MD
LG