Accessibility links

Германияда 18 наурызда президентке дауыс береді


Германия партиялары президент болуға қолдау танытқан Иоахим Гаук.
Германия партиялары президент болуға қолдау танытқан Иоахим Гаук.
Германия парламентінің спикері Норберт Ламмерт наурыздың 18-інде парламентте президенттікке үміткер Иоахим Гаукке дауыс берілетінін жариялады.

Дауыс беру шартты түрде өтуі мүмкін. Себебі Германияның билеуші партиясы мен оппозиция коммунистік режимге қарсы шығыс германиялық бұрынғы протестанттық пастор Иоахим Гакуті ұсынуға бірауыздан келіскен.

Канцлер Ангела Меркель кезінде өзі президенттікке ұсынған бұрынғы президент Кристиан Вульф прокурор коррупцияға қатысы бар деген айыптаған соң өткен аптада отставкаға кеткен.
XS
SM
MD
LG