Accessibility links

"Қазатомпромның" бұрынғы вице-президенті ұсталды


ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті. Көрнекі сурет.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті. Көрнекі сурет.

Канадада халықаралық іздеуде жүрген "Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаев ұсталды. Бұл туралы ҰҚК бүгін таратқан хабарламасында айтады.

ҰҚК хабарламасында "Ішкі істер министрлігі интерпол ұлттық орталық бюросының мәліметтеріне сәйкес, іздеудегі Рүстем Тұрсынбаевты 10 ақпанда канадалық құқық қорғау органдары иммиграциялық заңнаманы бұзғаны үшін тұтқындалды" делінеді.

49 жастағы Тұрсынбаев "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық жасау", "ірі көлемде қаржы жымқыру", "мекемені салық төлеуден жалтарту" және басқа да айыптар тағылып отыр.

"Қазір тиісті орындар оған қатысты қылмыстық іс қозғап жатыр" дейді ҰҚК.
XS
SM
MD
LG