Accessibility links

Қоғамдық комиссия Жаңаөзенге барды


Қоғамдық комиссия жетекшісі Рысбек Сәрсенбай.
Қоғамдық комиссия жетекшісі Рысбек Сәрсенбай.
Бүгін Жаңаөзен оқиғасын зерттеуге құрылған қоғамдық комиссияның бір топ мүшесі Жаңаөзен қаласына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне комиссия жетекшісі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай хабарлады.

Комиссия құрамында Рысбек Сәрсенбайдан басқа жазушы Мереке Құлкенов, Аймұхан Таужанов, "Жас Алаш" тілшісі Елнұр Әлімова, Guljan.org сайтының тілшісі Мирас Нұрмұханбетов бар.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия бұған дейін Жаңаөзенге бір рет барып келді.
XS
SM
MD
LG