Accessibility links

CPJ: 2011 жылы әлемде 46 журналист қаза тапты


Committee to Protect Journalists ұйымының белгісі.

Committee to Protect Journalists ұйымының белгісі.

Халықаралық Committee To Protect Journalists ("Журналистерді қорғау комитеті") ұйымы өткен жылы әлемде қастандықпен және қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде 46 журналистің қаза тапқанын жариялады.

"2011 жылғы баспасөзге шабуыл" атты баяндамасында ұйым журналистер үшін ең қауіпті ел Пәкістан болып отырғаны айтылады. Мұнда өткен жылы жеті журналист қаза тапқан. Одан кейінгі сатыда Ливия мен Ирак тұр. Бұл елдердің әрқайсысында бес журналист қаза тапқан.

CPJ 15 журналист араб елдеріндегі толқулар жайлы хабар таратып жүріп қаза тапқанын айтады.

Ұйымның есебінше, өткен жылы 179 журналист сотталған. Бұл 1990 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Журналистерді ең көп қудалайтын елдердің қатарында Иран тұр. Мұнда өткен жылы 42 журналист сотталған.

Ұйым Қытай, Сирия және Египет бастаған бірқатар елдердегі үкіметтің ақпарат құралдарын тұншықтыру әрекеттерін қатаң айыптайды.
XS
SM
MD
LG