Accessibility links

Козловты туыстарымен жолықтыруды талап етті


Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Макс Боқаев ҰҚК Алматы департаментінде пикет өткізіп тұр. Алматы, 21 ақпан 2012 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Макс Боқаев ҰҚК Алматы департаментінде пикет өткізіп тұр. Алматы, 21 ақпан 2012 жыл.
Бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі, атыраулық Макс Боқаев ҰҚК Алматы қалалық департаментінің алдында партия жетекшісі Владимир Козловты туыстарымен жолықтыруды талап етіп, пикет өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне партия белсендісі Ерлан Қалиев хабарлады.

Пикет өтіп жатқан кезде партияның жасы егде тартқан мүшесі Козловқа тамақ, басқа да заттар бермек болған. Бірақ оған ҰҚК қызметкерлері рұқсат етпеген. Акцияға журналистер де қатысты.

Партия белсенділері өткен аптадан бері осындай акциялар ұйымдастырып келеді.
XS
SM
MD
LG