Accessibility links

Сирияда соңғы күндері 100 адам қаза тапты


Сириядағы адам құқықтарын қорғау ұйымдары үкімет күштерінің шабуылынан соңғы күндері 100 адам қаза тапқанын хабарлады. Оның ішінде 40 адам қамаудағы Хомс қаласында қайтыс болған. Бірақ үкімет мұны растаған жоқ.

"Қызыл крест" ұйымы гуманитарлық көмек беру үшін Хомс пен Хама қалаларына шабуылды тоқтатуға шақырып жатыр.

АҚШ президент Башар әл-Асад билігін құлатуға ұмтылып жатқан көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатудан бас тартты.

Ал БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияда гуманитарлық көмек беруді үйлестіріп, одан ары да қақтығысты саяси жолмен шешетін адам іздестіріп жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG