Accessibility links

МАГАТЭ: Иран әскери кешеніне кіргізбеді


МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано.
МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано.
Иранның ядролық нысандарын тексеріп қайтқан МАГАТЭ сарапшылары Тегеранға көңілдері толмай қайтты.

МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано бүгін таратқан мәлімдемесінде Тегеранның Паршин әскери кешеніне кіруге рұқсат бермей қойғанын айтады. МАГАТЭ бұл кешенді "Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысы бар" деп күдіктенеді.

МАГАТЭ инспекторлары соңғы рет Паршинге 2005 жылы барған, бірақ кешеннің барлық бөлігін тексермеген. Ал МАГАТЭ-нің өткен жылдың соңындағы есебінде Иранның ядролық бағдарламасы әскери мақсатты көздейтіні айтылған.

Бұдан бұрын Иранның осы ұйымдағы өкілі Әли Ашғар Солтахи Тегеранның МАГАТЭ-мен келіссөздер жүргізуді күтіп отырғанын айтқан. Бірақ МАГАТЭ Иранмен ешқандай келіссөздер жүргізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG