Accessibility links

Уго Чавеске жаңа операция жасалады


Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес кеше мемлекеттік телеарнадан өзіне тағы да операция жасау қажет екенін мәлімдеді. Айтуынша, өткен жылы денесінің қатерлі ісік табылған тұсында зақымданған жаңа орын пайда болған.

Чавестің сөзіне қарағанда, зақымданған жердің көлемі үлкен емес. Бірақ операцияның қашан жасалатынын айтқан жоқ.

57 жастағы Уго Чавестің жамбас тұсынан қатерлі ісік табылып, 2011 жылы екі рет операция жасалды. Операциядан соң ол толықтай жазылғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG