Accessibility links

Досқалиевқа тағылған екі айып тергеуге жіберілді


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.
Жеті жылға сотталған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев әлі Астанада ІІД-нің тергеу абақтысында отыр. Бұл туралы бүгін оның қорғаушысы Серік Біләловке сілтеген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Біләлов мұның себебін Досқалиевқа тағылған айыптардың қосымша тергеуге жіберілгенімен түсіндіреді. "Досқалиевты қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша сотқа тартқан. Бірақ екі бап бойынша ғана сотталды. Сот бір бап бойынша айыпты алып тастады. Тағы екі бап бойынша айып қосымша тергеуге жіберілді" деді ол.

Оның айтуынша, соттың үкімі күшіне енген.

Жақсылық Досқалиев 2011 жылдың 5 тамызында қызмет бабын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, жеті жылға сотталған еді.
XS
SM
MD
LG