Accessibility links

Мүбәрәкке қатысты соттың соңғы отырысы өтеді


Хосни Мүбәрәкті сотқа зембілге салып алып келді. Каир, 2 қаңтар 2012 жыл.

Хосни Мүбәрәкті сотқа зембілге салып алып келді. Каир, 2 қаңтар 2012 жыл.

Каирде бүгін Хосни Мүбәрәкке қатысты соңғы сот отырысы өтеді. Отырыста судья үкім шығатын күнді жарияламақ.

Сот өткен жылы халықтық толқулардан кейін биліктен кеткен 83 жастағы Мүбәрәкті, оның екі ұлын, бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли және бірнеше шенеунікті демонстранттарға қарсы оқ атты және коррупцияға қатысы бар деп айыптап отыр.

Бұған дейінгі сот тырыстарында оның ісін қараған прокурор Хосни Мүбәрәкке өлім жазасын кесуді сұраған еді.
XS
SM
MD
LG