Accessibility links

Қырғызстанмен шекарадағы екі өткізу бекеті қайта ашылмақ


Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов.
Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы бұрын жабылып қалған екі өткізу бекеті қайта ашылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен соң Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір екі ел шекарасында бес өткізу бекеті жабық тұр. "Біз Талас облысындағы Кіші-Қапқа және Ыстықкөл облысындағы Қарқара өткізу бекеттерін ашуға келістік деді ол.

Екі ел шекарасының ұзындығы 1240 шақырымды құрайды. Шекарада 12 өткізу бекеті бар.
XS
SM
MD
LG