Accessibility links

Сирияда шетел журналистері қаза тапты


Syria -- An image grab taken from a video on YouTube allegedly shows shelling by government forces on the residential neighbourhood of Baba Amro in the protest city of Homs, 21Feb2012
Syria -- An image grab taken from a video on YouTube allegedly shows shelling by government forces on the residential neighbourhood of Baba Amro in the protest city of Homs, 21Feb2012
Сирияның Хомс қаласында үкімет әскерінің медиа орталықты атқылауы салдарынан АҚШ және Францияның екі журналисі қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тағы шетелдік үш журналист жараланған.

Оппозиция белсенділері қаза тапқан журналистердің бірі Ұлыбританияның "Sunday Times" басылымында қызмет істейтін АҚШ азаматы Мари Колвин, екіншісі француздық фотограф Реми Очлик екенін айтады.

Куәлердің айтуынша, Хомстың Баба Амр ауданында орналасқан медиа орталыққа зымыран түскен.

Президент Башар әл-Асадқа жақтас әскер бірнеше күннен бері Хама мен Хомс қаласын шабуылдап жатыр.

Сирия үкіметі шетел журналистеріне елден хабар таратуға тыйым салған болатын.
XS
SM
MD
LG