Accessibility links

Нарышкин: Еуразиялық парламент құратын кез келді


Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин.
Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин.
Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Ресей, Беларусь және Қазақстанға ортақ Еуразиялық парламент құратын кез келді деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Сәрсенбіде Петербургте ТМД елдері парламентаралық ассамблеясына барған Нарышкиннің айтуынша, соңғы жылдары ТМД аумағында интеграциялық процестер қарқынды жүріп жатыр. Еуразиялық одаққа мүше елдерге ортақ экономикалық заңнамалар жасау керек.

Нарышкиннің айтуы бойынша, мұндай жұмыстарды әр мемлекет өзінше шеше алмайды және онымен айналыспауы да тиіс.
XS
SM
MD
LG