Accessibility links

Журналист Козловты қолдау акциясын өткізді


Бүгін Алматыда ҰҚК департаментінің алдында тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты қолдаған жалғыз адамның пикеті өтті деп хабарлады Азаттық тілшісіне партия белсендісі Ерлан Қалиев.

Пикетті журналист Әбдіғани Жиенбай өткізді. Ол Козловқа зат беріп жіберуге рұқсат берілуін, оның қай жерде екенін айтуды және босатуды талап етті. Қалиевтің айтуынша, пикет кезінде дәл кешегідей егде тартқан әйел Козловқа тамақ, зат беріп жібермек болған. Бірақ оған рұқсат берілмеді.

Ерлан Қалиев бүгін партия белсенділерінің 28 панфиловшылар паркінде де Козловты қолдау акциясын өткізгенін айтты.
XS
SM
MD
LG