Accessibility links

Литва КГБ агентерінің тізімін жариялады


Литвадағы КГБ мұрағаты сайтының баннері. Көрнекі сурет.
Литвадағы КГБ мұрағаты сайтының баннері. Көрнекі сурет.
Литва СССР кезінде КГБ-ға жұмыс істеген 238 адамның аты-жөнін жариялады. Олардың арасында бұрынғы сыртқы істер министрі Антанас Валионис пен мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің басшыысы Арвидас Поцюс бар.

Литваның Геноцид және қарсыласуды зерттеу орталығы олардың аты-жөндері жақында жарыққа шығаратын КГБ-ның мыңдаған құжаттарында кездесетінін айтады.

Бірнеше жыл бұрын Антанас Валионис пен Арвидас Поцюс КГБ-ның резервтегі қызметкері болғандарын мойындаған еді. Бұдан кейін олар мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

1999 жылы бұрынғы агенттер мен мәлімет беріп тұрушыларға КГБ-мен байланыста болғанын мойындауға алты ай уақыт берілген еді. Есесіне олардың аты-жөндерін жарияламауға уәде етілді. 1600 адам КГБ-ға жұмыс істегендерін мойындағанымен, кейіннен олардың аты-жөндері бәрібір жарияланып кетті.
XS
SM
MD
LG