Accessibility links

Иранда қызметтегі әйелдер арнайы киім кимек


Иран үкіметінің мемлекеттік қызметтегі әйелдерге ұсынған киім үлгілері. Тегеран, 22 ақпан 2012 жыл.

Иран үкіметінің мемлекеттік қызметтегі әйелдерге ұсынған киім үлгілері. Тегеран, 22 ақпан 2012 жыл.

Иран үкіметі 21 наурыздан бастап мемлекеттік қызметте істейтін әйелдерге арнайы киім үлгісін енгізбек.

Иран ақпарат құралдары киім үлгісі діни және мәдени ерекшелікті ескеріп жасалатынын және киімнің қанық көк және сұр түсті болатынын жазады. Шенеуніктер мұндай шешім әйелдердің өз ұсыныстары бойынша қабылданғанын айтады.

Иран бұған қоса студенттерге де бірыңғай киім үлгісін енгізуді ойластырып жатыр. Ислам заңдарына сай, Иранда әйелдер шашы мен бетін жауып жүреді.
XS
SM
MD
LG