Accessibility links

Қырғызстанда түрме қызметінің басшысы қызметтен кетті


Қырғызстан парламенті қылмыстық атқару комитетінің басшысы Шейшенбек Байзақовты қызметтен босатуға шешім қабылдады.

Комитет қызметін сараптаған комиссия абақтыларды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғанын, түрмелердегі бүліктердің алдын алу үшін ешқандай шара жасалмағанын анықтаған. Шейшенбек Байзақов мұны жоққа шығарып, түрме саласына реформа жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Парламент жиынына қатысқан түрме басшыларының оны Байзақов орнынан алынса, қызметтен кететіндерін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG